«Бұлбұлдай жырлап жеттім сексен беске»

«Ел дегенде ар қандай, намыс қандай!
Тау мен тасқа соғылар қарыс маңдай.
Ел дегенде жығылған жалым тұрып,
Айбаттанып кетемін арыстандай».
баязид (1)2 жолбарыс (1)3
Ақын жерлесіміз, ҚР Жазушылар одағының және ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Құрметті Қажы» алтын төсбелгісінің иегері, Қостанай қаласының құрметті азаматы, Меңдіқара ауданының құрметті азаматы ақбар қажы Жолбарыс Баязидтің 85 жасқа толған мерейтойы облыс орталығында аталып өтті.
«Ақын жаны сергек, ойлы адуын,
Шыншыл көңілі тез ұғар зар, жан уын.
Әділетпен өмір сүріп ойлайды ол,
Ары таза азамат боп қалуын».
немесе:
«Ақын ойы – ғажап сырлар үндескен,
Қилы күйді жырмен өріп, күн кешкем.
Сәби сәттен жеткенімше жүз жасқа,
Өлеңсіз мен өмір мәнін білмес те ем», –
деп жырлаған ақынның бұған дейін «Жыр – ғұмыр», «Жыр – дүние», «Жыр мен сыр», «Ақиқаттың ақ шыңы», «Алланың ақырғы Пайғамбары», «Аққу сезім», «Өң мен түстей дүние», «Бақытымның бұлағы», «Махаббат оты сөнбейді» жинақтары жарыққа шықты. Биыл осы топтамалардың қатарын жарық дүние есігін ашып тұрған «Махаббатпен жаралған адамзатпыз» жыр жинағы толықтырып отыр.
Ел арасында «әкімі ақынын іздеген ел бақытты» деген тәмсіл бар. Қазақ ықылым заманнан ақынын ардақтан ел. Сөз шеберлерінің мірдің оғындай отты жырларына қараша ел де, төрдегі хан да бас иген. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев алғашқы сөз алып, сөз арнап, аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің құттықтау хатын жолдады, иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.
Ақынды арнайы құттықтай келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов Парламент Жоғарғы Палатасының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылыми комитетінің төрайымы Б.Әйтімованың құттықтау хаты мен «Еңбек ардагері» төсбелгісін табыс етті.
Жыр жампозын ұзақ жылдардан үзеңгілес бауыры Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының төрағасы, белгілі ақын, сатирик «Құрмет» орденінің иегері Ғұмар Ахметчин мен Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің құрылтайшысы Гүлсара Мамажан құттықтап, абыз ағасына деген жүрекжарды тілегін жеткізді.
баязид (3)4
Бұдан бөлек, АҚШ-тан Наталья Найбургер, Бакауушиндер әулеті, Мәлика Самат және осы Құрама штаттарынан Баязид әулетінің замандасы, достары Дервидтер отбасы, сондай-ақ, Германиядан Винсент пен Майя Шилб әулеті арнайы хат жолдаған екен. Жолбарыс ақын жыр жинақтарының бүгінгі күні Америка Құрама Штаттарының ең ірі кітапханаларының сөрелеріне қойылғанын да айта кету керек.
Кеш барысында ақынның көпшілікке кеңінен танымал Қалибек Деріпсалдиннің әніне жазылған «Аққуым», Қажығали Омаровтың «Қостанай жастарының вальсі», Ерболат Қалиевтің «Жұлдызды жерім» Қайрат Нұрғазиннің «Арман жырым – аруларым», Ескендір Хасанғалиевтің «Күн сәулелі Қостанайым!» әндерімен қатар, осыдан 35 жыл бұрын жазылған Бексұлтан Байкенжеевтің әні «Қостанай вальсі» әнінің тұсауы кесіліп отыр. Сондай-ақ ақын поэзиясынан өлеңдер оқылды.
баязид (2)5
жолбарыс (9)6
баязид (4)1

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓