Цифрлы технология кабинеті ашылды
Жітіқара ауданындағы №3 орта мектепте цифрлы технология кабинеті ашылды. Оның ашылуына Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Жүндібаев және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Аққожина қатысып, заманауи құрылғылармен жабдықталған кабинеттің жұмысымен танысты.
Аталған кабинет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылып отыр. Елбасының биылғы Жолдауында білім беру жүйесін индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған. Бұл міндетті жүзеге асыруда цифрлы технология кабинеті үлкен көмек болмақ.
Кабинеттің іші мультимедия құрылғыларымен жарақталған. Мұнда компьютер, интерактивті тақта, 3D-принтер, 3D-сканер және робот техникасы жөніндегі құрылғының түрі-түрі бар. Ғажайып құрылғыларды алуға «Атыгай Голд Майнинг» ЖШС демеушілік жасап, 8 млн теңге көлемінде қаражат бөлді. Жаңа технологиямен жабдықталған кабинет жастардың цифрлы технологияның тілін жетік меңгеріп, инженерлік-технология бағытында ғылыми-зерттеумен айналысуларына жол ашпақ.
Қымбат Досжанова.