Экс-полицейге сот үкімі шықты

Есірткі саудасы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетіне қамқорлық жасады деп айыпталған полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты.
Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК-нің 307 бабы 4 бөлігімен қарастырылған қылмыстық істе айыпталған Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының Оңтүстік полиция бөлімінің төтенше уәкілі, полиция лейтенанты 1987 жылы туған Жарас Байтұрсыновқа қатысты  қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды.KEZ-6ukRamM
(сурет kstnews.kz сайтынан алынды)
Іс материалдары бойынша, 2011-2012 жылдар аралығында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі болмаса да Б. бүгінде бас бостандықтарынан айырылған Алевтина Петренко, Надежда Киселева мен Резида Асылбаева әрекеттерін, топтың басшылық бағанасын, заңсыз есірткі саудасын жүргізу әдістерін егжей-тегжейлі білген. Нақтырақ, бұрынғы полиция қызметкері қызметтік лауазымын асыра пайдаланып қылмыскерлердің қалада аса ірі көлемде героин өткізуіне ықпал етекен. Осылайша, ол сыбайлас жемқорлық әрекетін жасаған.  Қылмыстық топқа көрсеткен қамқорлығы үшін ол тұрақты түрде топ басшыларынан ақшалай және героин түрінде сыйақы алып отырған.
Сот үкімімен Ж.Байтұрсынов қылмыстық әрекетте айыпты деп танылып, оған 3 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру, 7 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айырып мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол полиция лейтенанты арнайы шенінен айырылды.
Сотталушы сот залынды тұтқындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓