Ақпарат бергенге 10 млн. теңге!
Қостанай ауд. Кешегі күні отқа оранған «Восток» шатханасы иесінің баласы қастандық жасаған адам жайында ақпарат берген кісіге он млн. теңге сый берерін мәлім етті. Кәсіп иесінің айтуына қарағанда, бұл қадам оның ата-анасының қауіпсіздігі үшін жасалған. Қазіргі таңда, қылмыскерді полиция, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік департаменті іздестіруде.