Мың асқанға – бір тосқан

Жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап еліміздегі барлық ХҚКО-ның жұмысы еселеніп қыза түскендей. Заңдағы өзгеріс мекенжай тіркеуіне тұрмағандардың тізгінін тарта түскен сияқты. «Қашайын деп тұрған қоянға «тәйт» дегесін не сорым?!» демекші, бұл хабарды естіген тұрғындар уақытша тіркеуге тұруға асықты. Таяқтың екі ұшы бар емес пе. Уақытша тіркеу процесі кезінде небір қызықты оқиғалар болып жатыр. Солардың бірін мысал етіп жазуды жөн көрдік. Бәлкім, мұндай келеңсіздікке сіздер де тап болған шығарсыздар._MG_0616Жиырма үш жастағы қостанайлық Кирилл Лушинков уақытша тіркеуге тұру үшін Қостанай қаласындағы ХҚКО-на барады. Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі бұрын сол жердің тіркеуінде тұрған. Есейген соң пәтер жалдап өз күнін өзі көре бастайды.
-Жалдамалы пәтерде тұрамын. Нақты мекенжайлық тіркеуім жоқ. Қаладағы ХҚКО-ға барғанмын. №13 терезенің қызметкері мені уақытша тіркеуге алмады. Уақытша тіркеу негізгі мекенжайлық тіркеудің негізінде жүзеге асатынын айтты,-деді Кирилл Лушников.
Мән-жайды түсіне алмаған К.Лушников «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-да ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронованың қатысуымен өткен қоғамдық қабылдауға қатысып, осы мәселені айтып шағымданды. Халық қалаулысы мұндай келеңсіздіктерді болдырмауды тапсырды. Қате ақпарат бергені үшін №13-ші терезенің жұмысын облыстық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының басшысы Қ.Дүтпаев өз бақылауына алатын болды.
Әзербайжан Республикасының азаматы Ниязи Шихалиев отбасымен Қазақстан Республикасының аумағында ешқандай тіркеусіз 20 жыл бойы өмір сүрген. 2004 жылға дейін Кеңес үкіметінің кезіндегі ескі төлқұжатпен жүрген. Арада ұзақ уақыт өтсе де ҚР азаматтығын алмаған. Бүгінде уақытша тіркеуге тұра алар емес. Азаматтық алу құжатын рәсімдеу үшін осы күнге дейін жиналып қалған 3 000 000 теңге болатын мемлекеттік айыппұлды төлеу керек. Депутат И.Аронова бұл мәселеде заңның талабын орындау керектігін түсіндірді.
Уақытша тіркеу жұмыстарының мақсатын әркім сан-саққа жүгіртуде. Бір жақсысы, заңдағы өзгерістің арқасында ҚР азаматтығын алмай тіркеусіз жүрген немесе ескі төлқұжатын ауыстырмаған талайлардың бар екенін білдік.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓