Кейуана өз үйінен өлі табылды
Қостанай қаласында 87 жастағы кейуананың өлі денесі өз үйінде табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Зейнеткердің мүрдесін 11 қаңтарда Хакімжанова көшесі бойындағы үйден немересі тапқан. Ведомство қайғылы оқиғаның қылмыстық сипатқа ие екенін айтып отыр.
"Қария басынан ауыр жарақат алған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары және қажетті сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.