“Айбын” президенттік полкінің сарбазы қайтыс болды
Қостанай облысында "Айбын" президенттік полкінің жаңа шақырылған сарбазы қайтыс болды, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс" "Қостанай жаңалықтарына" сілтеме жасап. Осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Туыстарының айтуынша, Әсет Жүсіпов әскер қатарында екі ай ғана қызмет кеткен. Сарбаз Лисаковск қаласына қарасты Октябрьск ауылында жерленді. Марқұмның анасы Марина Жүсіпова қазіргі уақытта оқиғаның түрлі нұсқасы барын айтады. Ол баласы өзіне қол салуы мүмкін емес дейді.