Қазақ киносы клубы ашылды
Рудный қаласындағы "Айгүл" кинотеатрында қазақстандық кино клубы құрылды. Әр айдың 20-сы күні рудныйлықтар қазақтың алтын қорындағы фильмдерді тамашалай алады.
Бұл клубтың құрылуына "Айгүл" кинотеатрының редактор-әдістемешісі Ольга Пигасова бастамашы болды. Біздің облыстағы бірегей мемлекеттік кинотеатр әкімшілігімен бірігіп осы жобаны қолға алып отыр. Алғашқы фильм 20 қаңтарда сағат 14.00-де қалалықтарды "Қыз бен жігіт" фильмін көруге шақырады. Бұл комедиялық музыкалық көркем фильм 1955 жылы Алматы киностудиясында Павел Боголюбовтың режиссерлік етуімен түсірілген. Ең алғаш бұл кино Мәскеуде тұсаукесері өткен еді.
Нақ осы күні "Айгүл" кинотеатрында "Алғашқы Роза" деректі фильмі де қойылады. Бұл сеанс аты аңызға айналған қазақтың опера және эстрада әншісі, КСРО халық әртісі Роза Бағланованың 95 жылдығына арналады. Әншіге жалпыкеңестік танымалдылықты "Самара-городок" әні сыйлаған еді. Әнші 1922 жылы 1 қаңтарда дүниеге келіп, 2011 жылы 8 ақпанда өмірден озды.
Айта кетейік, сеансқа кіру тегін.
"Хорошое дело" сайтынан