Қостанайдағы ХҚКО-да бәрі қалыпша

Уақытша тіркеу заңы Қазақстанның әр өңірінде қоғамдық талқы тудырғаны рас. Тұрғындардың титығына тиген бұл оқиға ешкімді де бейжай қалдырмады. Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәселенің мән-жайын білу үшін Қостанайдағы Халыққа қызмет көрсету орталығына арнайы ат басын бұрды._MG_0617
_MG_0693Мұнда еліміздің басқа облыстарындағыдай қарбалас жоқ. Әр азамат өзіне тиесілі сұрақтар бойынша жауабын алып, байсалды қызмет көрсетілуде. Жаңа заңның талабына бағынып, уақытша тіркелуге келгендер де жоқ емес. Бірақ еш ұзын-сонар кезекке тұрмайды. Өйткені, мұндағылар әлеуметті әуреге салып, әбігерлік туғызып жатқан жоқ. Мекеме кешкі сағат 20.00-ге дейін немесе келушілер қарасы азайғанша күтеді. Бұл туралы ХҚКО-ның директоры Еркін Жұмабай обылс әкіміне тиянақты түсіндірді. _MG_0645
_MG_0625– Әзірше уақытша тіркеу жайында тұрғындар наразылықтарын айтып немесе қарбалас тудырмады. Әдеттегі жұмысымызды істеудеміз. Біреуі тұрғылықты мекенжай анықтамасын алуға, енді біреуі жеке куәліктерін ауыстыруға келіп жатады. Көші-қон полициясының қызметкерлері де осында. Олар бөлек, екінші қабатта қызмет көрсетеді,-дейді Е.Жұмабай. _MG_0701-Жаңа заңға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіңдер. Облыстағы қалалар мен ең ірі аудандарда қызмет көрсететін мамандар санын арттыру керек. Бәрі қалпына келмейінше, жұмыс кестесі осы күйінде қалсын,-деді обылс әкімі. 
_MG_0750
Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓