Тест тапсырды
Лисаков қ. Шаһардағы мемлекеттік қызметшілер, студенттер және кәсіпкерлер мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін сынады. Тестілеу «Казтест» жүйесі бойынша өтті. Оған 160-қа жуық адам қатысқан. Тестілеудің нәтижесі екі аптадан соң анықталатын болады. Казтест-мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. Ол тыңдау, лексикалық-грамматикалық тексеріс, оқу және жазу тәрізді төрт бөліктен тұрады. «Қазтест» бағдарламасы мемлекеттік қызметшілердің әр түрлі бағыттарда қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.