Мақсат – мал санын арттыру
Облыс экономикасының күре тамыры ауыл шаруашылығы болса, соның ішінде соңғы жылдары мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Әулиекөл ауданында да төрт түлікті көбейту мен асылдандыруға ерекше мән беріліп отыр. Әсіресе, ауданда "Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламаларына иек артқандардың қатары қалыңдаған. Мәселен, биыл осы бағдарламалар аясында 267 ірі қара, 300 қой және 16 жылқы сатып алу жоспарланған.