Василий Левит – жеңілген жеңімпаз
Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасты. Жеңіске деген жігерімен, жойқын соққыларымен әлем чемпионын тықсырғанымен, қазылар ресейлікті жеңіске лайықты деп таныды.
"Шынын айтсам, жеңіске жаттім деп ойлаған едім. Барлық тактикалық тапсырмаларды мінсіз орындағаныма бапкерлерім де разы болды. Бірақ ақыр аяғы осылай аяқталды",-деді жерлесіміз В.Левит.
Төрешілердің бұл шешімі тек қазақстандық жанкүйерлердің ғана жүйкесіне тиген жоқ, барлық бокс тамашалаған қауымның наразылығын тудырды. Тіпті ресейлік ғаламтор тұтынушылары "жерлесімізді құттықтаймыз, бірақ жеңіске Вася лайықты еді" деген тәріздес пікірлер қалдырды (allboxing.ru. сайты). Батыстық бокссүйер жұрт та біздің жерлесімізді жақтап, әлемдік деңгейдегі спорттық сайттарда үсті-үстіне пікірлерін жаудырды.
Осылайша, жеңілген жеңімпаз Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды… Несі бар, бұл да аса үлкен нәтиже!