Зообақ ашылды
Ол облыс орталығындағы Алтынсарин көшесі, 110-шы ғимаратта орналасқан (ҰҚК ғимаратына қарама-қарсы). Бұл жерде жануарларды көруге және тіпті ұстауға рұқсат етіледі. Тек қолтырауын мен жанатты түртуге тыйым салынған. Өйткені, қолтырауын (кішкентай болса да) қауіпті, ал жанат қысқы ұзақ ұйқыға кеткен.
– Шамамен 20 жылдай цирк қызметімен айналысып келеміз, бағдарламада осынау жануарлар да өнер көрсетеді, – дейді директор Елена Юрьевна. – Жазда, яғни демалыс кезеңінде, асырандыларды "Қазақстан" кинотеатры маңында кішкентай үйшікте ұстадық. Жұртшылықтың қызығушылығын аңғарып, кеңейтуді шештік. Міне, осылайша, зообақ пайда болды.Қазіргі уақытта "Теремок" деп аталатын зообақта жиырмадан астам жануар бар. Атжалман, итбалық, айдаһар жылан, питон, бақалар, тиіндер, үкі және өзге де осы маңның тұрғындары көрермендерін күтеді. Еленаның айтуынша, таяу келешекте зообақ ауқымы кеңеймек. Мәселен, бірер күнде өрмекшілердің түр-түрі әкелінбек. алға қойылған жоспарға сәйкес, ірі жануарларды ұстайтын орын әзірлеу ойда бар.Зообақ апта бойы сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.