“Тазалық-2012” тариф құнын көтермек
"Тазалық – 2012" қоқыс шығару үшін тарифтерді екі есеге қымбаттатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы серіктестік директоры Александр Кушнир хабарлады.
(сурет kstnews.kz cайтынан алынды)
-Бағаның қашан көтерілетіні әлі белгісіз. Біз 2012 жылдан бері қоқыс шығару құнын бір қалыпты ұстап келдік. Бірақ, қазір нарықтағы бағалар бізді тығырыққа тіреп тұр. Сондықтан осындай қадамға барып отырмыз,-дейді ЖШС-нің директоры.
Өз сөзін растай түсу үшін Кушнир дүкендегі тауарлардың бағасын мысалға келтіре кетті. Мәселен, қазіргі тариф адам басына 161 теңге. -Біз халықтан жинаған азғантай ғана қаржыға күн көріп отырмыз. Техникаларды жөндейміз, қызметкерлердің жалақысы бар, басқа да ұсақ-түйек жұмыстарға жұмсалады. Кейде тұрғындар қоқыс уақытылы шығарылмайды деп ренішін білдіріп жатады. Ол түсінікті жайт. Өйткені, бізде техника жетіспейді,-деп атап өтті Кушнир.