2 айда – 23 млн теңге

Жыл басынан бері қостанайлықтар автокөлік нөмірлерін сатып алу үшін 23 млн теңге жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Красивые номера
Облыстық ІІД тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің басшысының орынбасары Аслан Балғабаевтың айтуынша, қостанайлық көлік жүргізушілердің арасында 010 нөмірі белгісі ерекше танымал. Мұндай 31 дана нөмір сатылған. Одан кейін 077 нөмірі 13 көлік иесіне өткен.
"Көп сұранысқа ие болған 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлерінің бағасы 57 АЕК құрады. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999  мемлекеттік тіркеу белгілері 137 АЕК-ке бағаланды. Жалпы, екі ай ішінде қостанайлықтар бюджетке 23 млн теңге аударған", – деді ол.
Сонымен қатар, қарапайым мемлекеттік тіркеу нөмірінің қасында тек әдемі әріптердің тізілгенін құп көрсеңіз, онда 137 085 теңге төлеуге тура келеді.Балғабаев айтқандай, көлігіне қымбат нөмір таққысы келетіндердің көбісі ер азаматтар екен.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓