45 үй салынып жатыр

Өңірлік коммуникациялар алаңындағы брифингте Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, алдағы жылға құрылған жоспарларын сөз етті. Әсіресе, облыс орталығындағы құрылыс мәселесін сөз етіп, осы бағыттағы жұмыстарға жіті назар аударылып жатқанын айтты.
"2021 жылдың қорытындысы бойынша, шамамен 320 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріледі. "Қонай," "Юбилейный", "Береке" шағын аудандарында құрылыс белсенді жүргізіліп жатыр. "Әуежай" шағын ауданындағы құрылыстар аяқталу алдында", – деді қала әкімі.
Биыл 3 үй пайдалануға берілген. Қазіргі таңда тағы 45 үй салынып жатыр. Олардың бәрі 2022 жылы өз иелерін табады.
"Береке" шағын ауданында 980 орындық және "Қонай" шағын ауданында 900 орындық орта мектептердің құрылысы басталды, – деді қала Қ.Ахметов. – 19 білім беру ұйымы күрделі жөндеуден өтті, 5 мектеп жартылай жөнделді. Кешенді күрделі жөндеуге тағы 7 мектеп мұқтаж. №23, 9, 16 орта мектептер және №6 ясли-бақшаны күрделі жөндеуден өткізу жобалық-сметалық құжаты әзірленді".
 
Сурет интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓