Қазақстанға сапарлау кеңес етілді
Америкалық The New York Times басылымы 2017 жылы баруға кеңес беретін әлемнің 52 мемлекетін анықтады. Рейтингте 26-орынға тұрақтаған Қазақстан да бар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылымның мәліметінше, 2017 жылы Қазақстан астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтеді. Көрменің тақырыбы – "Болашақ энергиясы". Жарияланған материалда Астанада соңғы жылдары ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады. Сондай-ақ, рейтинг авторы Тянь-Шань тауларын да атап өтті.