“ЕХРО-2017 – қазақ елінің ең ірі жобасы”

Бүгін облыс орталығында орналасқан Л.Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесіне арналған «ЕХРО-2017 — қазақ елінің ең ірі жобасы» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. IMG_4447
IMG_4481Бұл көрме орталық кітапханада әрдайым оқырмандар назарына ұсынылатын болады. Мұндағы "ЕХРО-2017 алаңында" жыл аяғына дейін оқырмандардың атсалысуымен түрлі мәдени шара ұйымдастырылмақ.
Тәуелсіз Қазақстанның бай тарихынан сыр шертіп, бүгінгі жетістіктерімен ұштастыру – жобаның басты мақсаты. Қостанай қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына ЕХРО-2017 көрмесінің маңыздылығын кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр ұйымдастырушылар. IMG_4412Көрменің тұсаукесер рәсіміне облыс орталығындағы бір топ студент пен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналғандарды алғаш болып облыстық "Қостанай таңы" газетінің редакторы Жанұзақ Аязбеков осы игі іспен құттықтап, халықаралық көрменің маңыздылығына тоқталып өтті. IMG_4416
IMG_4495Кітап экспозициясының ашылуы оқырмандар мен қонақтардың Тәуелсіз Қазақстан туралы білімін тереңдетіп, отансүйгіштікке тәрбиелейтіні сөзсіз. Осылайша, өз елімен мақтанатын жас ұландарды қалыптастыруды көздейді кітапханашылар. 
IMG_4487
IMG_4497
IMG_4499

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓