Әр гектар жер тиімді пайдаланылуы тиіс
Өңірімізде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерді түгендеу барысында 511,8 мың гектары жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен аппарат мәжілісінде Қостанай облыстық жер қатынастары басқармасының басшы Нұрлан Әбдуов айтты.
-Елбасының тапсырмасына орай ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылмай отырған жерлерді анықтап түгендеу бағытында 2012-2014 жылдары бойынша өңірімізде пайдаланылмай отырған 789,4 мың гектар ауылшаруашылық жері анықталды. Соңғы жылдары пайдаланылмаған жер телімдерін қайтарып алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Оның 511,8 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. 142 мың гектар ауылшаруашылық айналымына берілді. Енді 135,6 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарып алынуы тиіс. Қайтарып алу жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталатын болады, – деді Нұрлан Әбдуов.
Кезінде ауылшаруашылығы жұмыстарымен айналыспақ болып жер алып, оны пайдаланбай отырғандар қарамағындағы жері бар шаруашылықтарының көпшілігінің малының жоқтығы, шаруашылық тарапынан мал саны есебінің нақты берілмеуі және тағы да басқа көптеген жағдайлардың анықталмағандығы, жерді тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатырған жерлерді мемлекетке қайтару мәселесі сөз болды.
Сондай-ақ алқалы жиында мәлім болғандай, республикалық реестрге енгізілген жер телімдері де бар екен. Нұрлан Әбдуовтың айтуынша, пайдаланылмаған жер телімдеріне қатысты төмендегідей шаралар қолданылынып жатыр. Мәселен, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы аудандық жер қатынастары бөлімдерінен алынған материалдарды Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне жолданды. Қостанай облысы бойынша жалпы аумағы 94529 гектар 117 жер теліміне салық төлемін 10 есе төлеу туралы мәселесі қаралуда, деді.
Облыс әкімінің пайымынша, пайдаланбай жатқан жерлерді қайтару және кейін оларды айналымға енгізу жөніндегі жұмысты күшейту қажет. Өкінішке қарай, жерлер сапасының нашарлауымен, бұзылған жерлерді қалпына келтірумен күресу жүйелі түрде жүргізілмейді. Осыған байланысты, ведомства аталған бағытта жұмысты жандандыруы қажет, кейбір аудандарда ауыл шаруашылығы алқаптарын одан әрі тиімді пайдалану үшін егіс айналымын және жайылым айналымын енгізу жөнінде іс-шаралар әзірлеу қажеттігін тапсырды.
Н.Садуақасов аталған ауқымды шара кезінде Қостанай облысында пайдаланбай отырған 7 мың гектар ауылшаруашылық жері анықталғанын атап өтті. Бұл тұрғыда ол астықты өңірлер болып саналатын Қостанай облысы бойынша әр гектар жер маңызды екенін қадап айтты.
Сонымен қатар жер кодексінің 144-148 баптарына сәйкес облыс аумағында жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы жүзеге асырады. Үстіміздегі жылдың жартыжылдығында инспекция барлығы жер заңнамасының нормаларын сақтау бойынша барлығы 140 тексерулер жүргізіпті.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ