Алашақ – 25 млн теңге
Қостанай облысында прокуратура тексерісінен кейін дәрігерлерге өткен жылдардың емдік жәрдемақылары төленді, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс" жергілікті прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұзынкөл аудандық ауруханасының 164 медицина қызметкеріне 2014-2015 жылдары төленбей қалған жәрдемақының соммасы 25 миллион теңгені құраған. Қадағалау органы мұны аурухана қызметкерлерінің әлеуметтік құқығын өрескел бұзу деп танып, аурухана жетекшілігінен жағдайды түзеуді талап еткен.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Алма Нұрсейітованың айтуынша, дәрігерлер прокурорлардың әлеуметтік құқықты қорғау бойынша өткізген тексерісі кезіндегі кәсіби әрекетіне жоғары баға берген. Биыл Ұзынкөл ауданында жалпы 1792 тұлғаның конституциялық құқығы қорғалып, соның ішінде 81 миллион теңге еңбекақы төленді.