Бұл туралы аппарат мәжілісінде "Казгидромед" мамандары мәлімдеді.

Соңғы күндері толассыз жауып жатқан жаңбыр мөлшері әзірге егістікке айтарлықтай зиянын тигізіп жатқан жоқ. Дегенмен, Федоров, Қарабалық, Ұзынкөл, Сарыкөл аудандарында жауын-шашын мөлшері бір айлық көрсеткіштен де асып түскен. Синоптиктердің болжауынша, шілденің 27-28 күндері облыс аумағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жауады деп күтілуде.