Коммуналдық қызмет – билік назарында
Жылу компаниясы өкілдері өңір басшысына тұрғындарды коммуналдық қызметке қосуға ешбір кедергінің жоқтығын мәлімдеді. Тек, мәселе есебінде жылу жолдарының тозғандығы, тұрғындардың қарызы көтерілді. Қостанайлықтар жылуға 270 млн. теңге қарыз көрінеді. «Қостанай Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны алдындағы қарызы 59 млн.теңгеге жеткен. Аймақ басшысы, борышкерлерге заң талаптарына сай шара қолдану қажеттілігін еске салды.
Сондай-ақ, облыс басшысы «Қостанай Су» директоры Қазыбек Шалабаевтың жаңа жобасымен танысты.
Сондай-ақ, облыс басшысы «Қостанай Су» директоры Қазыбек Шалабаевтың жаңа жобасымен танысты.
-Қолға алынған үлкен жобаның бірінші кезеңі аяқталды. Атап айтар болсақ, сорғы аялдамалары мен су бөгеттеріндегі 36 ұңғыма бұрғыланды. Осы жылы екі жылдық жобаны аяқтаймыз. Екі құбыр Тобыл өзенінен, біздің сорғы аялдамаларына дейін тартылады. Жоспар бойынша бірінші тамызда тапсыру керек еді. Өкінішке орай, жоба мерзімін ұзартуға тура келді, – дейді Қазбек Шалабаев.
«Тазалық-2012» кәсіпорыны облыс әкіміне қаланы безендіруге арналған жылыжайдағы гүлдерді көрсетті. Биылғы жылы аталмыш кәсіпорын Қостанайдың 45 пайызын гүлдендірген. Тағы да қаржы бөлінсе көрсеткішті ұлғайтамыз деп отыр.
Кенже ҚОНЫСБАЙ