Жеке тұлғалардың құқығы қорғалды

Әкімшілік істер бойынша сот актілеріне қадағалауды жүзеге асыру барысында әкімшілік жауапкершілікке тартылатын азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылады.
2015 жылда облыстық прокуратура органдарымен әкімшілік істер бойынша наразылық келтіру нәтижесінде 51 заңсыз сот қаулылары сәйкеске келтірілді.
Ағымдағы жылда аталған заңсыз қаулыларға уақытылы наразылық келтіру нәтижесінде облыс прокуратурасымен 9 жеке тұлғаның құқықтары қорғалды.4b8e3eeed90d20e9d1da08d2dac3b858
Мысалға, Қарабалық ауданы прокурорының наразылығы бойынша аса қажеттілік себептерімен және ауа райының жағымсыз салдарынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын амалсыздан кесіп өткені үшін 1-ші сатыдағы сотымен Ресей Федерациясының азаматы А.Ю.Волков әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Облыс прокуратурасының кассациялық наразылығы мен Қостанай қаласының әкімшілік соты ескерту түрінде жауапкершілікке тарту мүмкіндігі бола тұра, алайда 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл көлемінде заңсыз жауапкершілікке тартылған зейнеткер К.Ә.Айжарқынның құқығы қорғалды.
Сонымен қатар, облыс прокуратурасының наразылығымен Таран аудандық сотымен қамаудың ең жоғары күні 30 тәуліктің орнына 40 тәулік қамау күнін тағайындалған В.С.Кречетовтың құқығы қорғалды.
Облыс прокуратурасымен еңбек ақыны өндіру құжаттарының орындалуына аса мән беріледі.
Мысалға, облыстық Әділет Департаментінің өндірісінде «Бақыт-Мұнай» ЖШС-нен 152 жұмысшының пайдасына 17,5 млн.теңгеден аса еңбек ақысын өндіру туралы атқару өндірісі болған.
Кәсіпорынның есептік шотында ақшалай қаражаттар бола тұра, құжаттың орындалуын қиындыққа соқтыратын уәкілетті органдар мен бірқатар сот орындаушыларымен оған тыйым салынған.
Қостанай қаласының прокуратурасымен ақшалай қаражатты аударуға шара қолданбаған «Қазахстан Халық банкі» АҚ-ның ҚОФ-на заң бұзушылығын жою туралы ұйғарым енгізілді.
Аталған ұйғарым банкімен орындалды және Әділет Департаментінің есептік шотына ақшалай қаражат аударылған.
Кейін, ақшалай қаражаттар өндіріп алушыларға аударылды.
Барлығы облыс прокуратурасымен еңбек ақысын өндіру жұмыстары барысында 987 азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалған.
 
Соттарда мемлекет мүддесіне
өкілдік ету Басқармасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓