Ардагер спортшылар марапатталды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақовтың бұйрығымен бір топ қостанайлық ардагер футболшылар марапатталды.  
Облыстық футбол федерациясының басшысы Талғат Баймұратов қала тұрғындарын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ҚФФ президентінің алғыс хатын тапсырды.  
Ipmpn4PquVA
Марапат иелері:
– Рафик Оганесович Балбабян ("Буревестник" ФК өнер көрсеткен, "Тобыл" ФК бас бапкері (2001-2002) қазір "Тобыл" ФК балалар орталығы жасөспірімдер бағдарламасының басшысы); 
– Геннадий Иванович Евдокимов ("Буревестник" ФК, ФК"Энергетик", қазір ҚМПИ оқытушысы); 
– Александр Федорович Миллер (1986-1989 жж "Энергетик" ФК бас бапкері, Спорт сарайының экс-директоры, қазір зейнетте); 
– Александр Петрович Павленко ( "Буревестник" құрамында ойнаған, ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР ҚФФ инспекторы), 
– Евгений Александрович Петров ( "Буревестникте" өнер көрсетті, қазір колледжде оқытушы), 
– Геннадий Николаевич Макаренко ("Тобылдың" бұрынғы бапкері, 1982-2002 жылдары бас бапкер қызметін атқарды, қазір ҚМУ-де жұмыс істейді); 
– Анатолий Анисимович Булыбин (Павлодарда ойнаған, қазір Рудныйда оқытушы); 
– Валерий Хачатурович Агеев (ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР ҚФФ инспекторы). 
 "Тобыл" ФК баспасөз қызметі
Суретті түсірген К.Должанский

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓