Шеруге шықты

Урицкий орта мектебіндегі кәсіподақтар ұйымының ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері шаңғы шеруіне шықты. "70 игілікті іс" атты аудандық акция аясында өткен бұл шара – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды.Шаңғы шеруіне қатысушылар
 Ондаған шақырымдарды жүріп өткен шаңғышылар  бұл шарадан айырықша әсер алды. Сөйтіп, саналы ғұмырын білім саласына сарп етіп жүрген жандар салауатты өмір салтын ұстанудың жарқын үлгісін көрсетіп берді. Әуесқой шаңғышылар кешегі отты жылдары қан майданда ерлік үлгісін танытқан  аталардың даңқты жолын еске алып,  Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында әсерлі әңгіме өрбітті. Біздің қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатқандығымыз – Отан үшін от кешкен ата-бабаларымыздың арқасы деген ой түйді. Сондай-ақ, ержүрек батырларымызға тағзым етіп, олардың өшпес ерліктерін ешқашан ұмытпайтындықтарын, ұрпақтан-ұрпаққа ұғындыра беретіндіктерін  жеткізді.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓