Қымыз өндіру , жаңа технология
Бүгінде бие сауып, қымыз өндіретіндер көп. Және әрбірі ақша табудың амалымен саудаға да шығарып жатыр. Десе де осылардың ешбірі де заңды түрде тіркелген емес. Ал Меңідақара ауданы, Каменскуральск ауылындағы жаңа инвестициялық жоба қымыз өндіру пунктін ашуға арналған. Жобаны жүзеге асыру үшін “Каменск – Уральк” ЖШС 30 млн. теңге құйған. Жоба бойынша жылына 20 тонна қымыз өндірілмек.
Айналасы тап-тұйнақтай цехтың ішінен қымыздың иісі аңқып тұр. Қымыз өндіру пункітінде екі адам еңбек етеді. Олар Қалихан мен Гүлбаршын Әлмұхамбетовтар. Қалихан ағамыз қымыз өңдеу цехының меңгерушісі болса, Гүлбаршын апамыз технолог.
Ерлі-зайыптылар қалада тұрса да мамыр айынан бастап қарашаға дейін осы жерге көшіп келеді екен. Бір жағынан жұмыс болса, тағы бір жағы отағасының соңғы уақытта денсаулығы сыр бере бастаған.
Ерлі-зайыптылар қалада тұрса да мамыр айынан бастап қарашаға дейін осы жерге көшіп келеді екен. Бір жағынан жұмыс болса, тағы бір жағы отағасының соңғы уақытта денсаулығы сыр бере бастаған.
"Қымызды халықаралық нарыққа шығарып, әлемге таныту үшін жаңа технологияларды қолданып, ұнтаќ түрінде де шығару керек" деп дабыл қағады мамандар. Бұл жағынан Германия бізден көш ілгері тұр. Олар қазір қымыздың ұнтағын ғана емес, таблетка түрін де жасап шығарып жатыр. Сонымен қатар одан балмұздақ жасап, косметикалық тауарлар өндіруге кіріскен. Ал қытайлар қымыздың көп ауруға ем екенін зерттеп, дәрілер өндіруге бет бұруда
Таза ауа, шипалы қымыз жанына демеу болғандай. Соңғы екі жылдан бері бұлар жаз айында осы ауылдан табылады. Облысымызда ұлттық сусынымызды өндіріске енгізген кәсіпорынның келешекке деген жоспары көп. Ал әзірге шаруашылық бие сауу мен оны баптау әдісін біртіндеп жетілдіріп келеді. Жетілдіріп келеді дейтініміз қымызды ашыту дәстүрі бұрынғыша болғанмен, оны пісуде техника жетістігі қолданылады. Бала кезімізде анамыз: “қымыз балдай болсын десеңдер әр қайсысың үш жүзден пісіңдер” дейтін. Екі қолымыз талғанша қымызды пісетінбіз. Ал мұнда ондай еңбекті техника атқарады. Екі киловаттық қозғалтқыштың көмегімен, 130 литрлік емен күбілер күніне оннан он екі сағатқа дейін пісіледі. Мұндай техниканы жергілікті тұрғындардың өздері ойлап тауыпты. Бар болғаны тетігін бассаңыз болғаны.
Қалған жұмысты цехта еңбек ететін жандар атқарады. Ол да аз шаруа емес. Қымыз тазалықты ұнатады. Бұл Гүлбаршын апамыздың міндеті. Осында келмес бұрын бие сауып, қымыз дайындамаса да ол кісінің тек көргені бар еді. Ал қазір бәрін үйреніп алды. Қымыздың бабын табу үшін барын салады. Барынша таза ұстап, қолынан шыққан сусынның дәмді болғанын қалайды. Бізге ұсынған сусынның дәмін татқан мен: “Торғайдың бал қымызына ештеңе жетпейді” деймін күліп.
Гүлбаршын апамыз да келіседі. “Әр жердің шөбі де, шұрайы да басқа. Мен мына еменнен жасалған үлкен күбілерді күнделікті жуып, қайыңмен ыстаймын. Ал көпшілік тобылғымен ыстағанның жөні басқа деп жатады. Сол тобылғыны маған көрсетсе шіркін” деп қояды. Десек те өндіріс болғасын автоматтандырылған жүйе қажет екені анық. Әсіресе өнім көп, оның сыртында сатылымға шығарылғанда қол еңбегінен гөрі механикалық жағдай істі тездетері рас.
– Қымызым тәттірек болсын деп, қолмен сапырамын. Содан кейін барып, бөтелкелерге де қолмен құямыз. Күніне 100-160 литрдей қымыз дайындап, саудаға шығарамыз. Ол оңай емес, – дейді апайымыз.
Қымыз өңдеу цехы бір күнде 150 литрдей өнім саудалайды. Оның басты тұтынушысы аталмыш ауданда орналасқан туберкулезге қарсы санаторий. Санаториймен арнайы келісім шарт жасалған.
Академик, техника ғылымдарының докторы Өрісбек Шоманов дәл осы ұнтақ жайында "Түйірдей таблеткада түйенің күші бар" деп баға берген екен. Ол: "ұлттық сусындарды құрғату үшiн арнайы сублимациялық құрғату аспабы қажет. Шетелде бұл құрал-жабдықтың құны тым қымбат. Сол себептi осы құралды өз елiмiзде шығаруды ќолға алмақпыз. Құрғату үшiн қуат қажет. Қуаттың түр түрi бар. Бiз микротолқынды қуат арқылы қыздыруды жөн деп таптық.Бұл, бiрiншiден, арзанға түседi. Екiншiден, оған аз уақыт жұмсалады. Бұдан шығатын өнiмнiң сапасы да жоѓары. Бұл үшiн магнитрон керек. Магнитрон ды Қытай не Ресей зауыттарынан әкелсек, елiмiздегi бiр зауыттан осындай құралды шығаруға болатын едi. Сублимациялық құрғату құралы сусындардың бойындағы барлыққасиеттердi сақтап қалады. Жер жүзiнде бұдан асқан құрал жоқ" дейді өз сөзінде.
Оның сыртында қаладағы сауда орындарына жеткізіледі. Өндіріс көлемін көбейту үшін шаруашылықта қосымша жұмыс орындары ашылып, қажетті инвестиция салынған. Кәсіпорын басшылары бұл қаражатты бес жылдың ішінде толығымен ақтаймыз деп отыр.
Шаруашылықтың бие сауудағы бір ілгерілеушілігі, бұрынғыдай құлын салып идіріп, уақыт жоғалтпайды. Алдына жем қойылған тар орынға кіргесін, сауыла береді. Осылайша, небәрі үш сауыншы 40 шақты биені күніне бес рет сауып шығады. Одан әрі сүт қымыз ашытылатын емен күбілерге құйылады.
– Қымызды дайындау үшін бап керек. Біз өзіміздің баяғы келе жатқан технология бойынша әзірлейміз. Бірақ бие құлынын емізіп, еміреніп иімеген соң мүмкін ең тәтті сүтін бойына алып қала ма деп те ойлаймын. Жылқы сезімтал мал ғой. Біз мұнда екі жыл еңбек етудеміз. Келешекте осы істі жалғастырар жастар болса тіпті жақсы. Келешекте мұнда бәрі автоматтандырылып жатса болашағы жарқын бұл істің, – дейді цех меңгерушісі.
Басшылар өнімді өндірісті жетілдіріп, ұлттық сусынды ұнтақ күйінде шығаруды жоспарлап отыр. Себебі, Еуропа елдерінде қорапқа салынған қымызға сұраныс көп. Және оның пайдасы да шаш етектен.
Журналистік қызығушылығымыз артып осы ұнтақ түріндегі қымыз жөнінде мәлімет қарастырдық. Шынымен де біз тапқан ақпаратқа тәнті болдық та қайран қалдық. Өз сөзінде академик, техника ғылымдарының докторы Өрісбек Шоманов дәл осы ұнтақ жайында“Түйірдей таблеткада түйенің күші бар” деп баға берген екен. Ол: “ұлттық сусындарды құрғату үшiн арнайы сублимациялық құрғату аспабы қажет. Шетелде бұл құрал‑жабдықтың құны тым қымбат. Сол себептi осы құралды өз елiмiзде шығаруды қолға алмақпыз. Құрғату үшiн қуат қажет. Қуаттың түр‑түрi бар. Бiз микротолқынды қуат арқылы қыздыруды жөн деп таптық. Бұл, бiрiншiден, арзанға түседi. Екiншiден, оған аз уақыт жұмсалады. Бұдан шығатын өнiмнiң сапасы да жоғары. Бұл үшiн магнитрон керек. Магнитронды Қытай не Ресей зауыттарынан әкелсек, елiмiздегi бiр зауыттан осындай құралды шығаруға болатын едi. Сублимациялық құрғату құралы сусындардың бойындағы барлық қасиеттердi сақтап қалады. Жер жүзiнде бұдан асқан құрал жоқ” дейді өз сөзінде.
Тағы бiр қызығы, шетелдiктер ұнтақ күйiндегi қымыз, шұбаттан гөрi таблетка түрiндегi сусынды қалайды екен. Әсiресе, әрбiр минуты есептеулi жапондықтар ұнтақты езiп, сусын iшкенше, таблетка түрiнде қабылдаған дұрыс деп есептейдi. Былтырғы жылғы дерекке сүйенсек, елімізде Семей қаласында Саржалдың қымызынан ұнтақтар даярлайтын кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. “Қымызды халықаралық нарыққа шығарып, әлемге таныту үшін жаңа технологияларды қолданып, ұнтақ түрінде де шығару керек” деп дабыл қағады мамандар. Бұл жағынан Германия бізден көш ілгері тұр. Олар қазір қымыздың ұнтағын ғана емес, таблетка түрін де жасап шығарып жатыр. Сонымен қатар одан балмұздақ жасап, косметикалық тауарлар өндіруге кіріскен. Ал қытайлар қымыздың көп ауруға ем екенін зерттеп, дәрілер өндіруге бет бұруда.
Көштен ілгері қалмайық десек қымыз өндіру цехында жоспарланған игі бастама сөз жүзінде қалмай, жүзеге асса деген тілек бар.
Айтолқын Айқадамова
Меңдіқара ауданы.