Желтоқсан боранмен басталмақ
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге – 29 қарашасы мен 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Алдағы үш тәулікте Ресейдің Еуропалық аумағынан жылжып келе жатқан терең циклон шығысқа қарай Орал арқылы Батыс Сібірге ауысатын болады. Ал осы циклонмен байланысты болатын, белсенді атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарының ауа райына ықпал ететін болады. Республиканың батыс және солтүстігінде қар жауып, боран соғып, күшті жел тұрады. Желдің екпіні 20-25м/с дейін жетіп, күндізгі температура 0º-ге жақын, көктайғақ болуы ықтимал.