Бөбегіміз бесікте тербелсін
Ұрпақ тәрбиесін ауызға алсақ, ең алдымен, бесіктің қадірін білуіміз керек сияқты. Себебі, іңгәләп дүние есігін ашқан әр бала бесікте тербеліп, ананың ақ сүтіне тойып, әлди әнін естіп өскені дұрыс. Бесік – ата-бабамыздан келе жатқан қасиетті зат болса-дағы ол жайында кімдер не демеді. Бірі баланы бесікке таңып тастау дұрыс емес десе, енді бірі баланың аяғы қисық болуын да бесіктен көрді. Даурықпа сөз, дақпырт әңгімеге тоқтау қойылмаса да шаңырағынан бесікті бір елі ажыратпаған отбасылар жетерлік. Бұған да шүкіршілік дегеніміз жөн болар. Бесіктің пайдасын тізіп беретін енелер, әжелер де бар. Босағасына түскен келініне айтып, немересін бесікке салып, түрлі дәстүрлерін жасап жатқандардың ісі жарасымды.
Сан түрлі бесік
Қазір не жаңармай жатыр. Күн санап, дамып жатқан өмір. Осы ағыстан қазақтың тал бесігі де қалыс қалмай келеді. Шеберлер ешкімнің көңілін қалдырып жат-қан жоқ. Оюдың небір түрін салып, оймақтай бесіктің түр-түрін өмірге әкелуде. Тек осы бесіктерді тербетер ана мен тербелер бала болсын деңіз. Бір кездері бесіктің орнын манеж (арба) басып барады деп қауіптендік. Меніңше, бұл бекер сияқты. Себебі қазіргі бе-сіктеріңіз сол манеждерді жолда қалдыратындай.
Электронды бесік
Иә, бұл біреулер үшін жаңалық болмас. Өздігінен тербетіліп, әлдиімен жыр төгетін "ақылды бесік" жайында барлық жерде жарыса жазылып, айтылды. Оны ойлап тапқан небәрі 23 жастағы Серікбол Шәймерден болатын. Қадірі азайып бара жатқан ұлттық бұйымдарды насихаттауды көздеген жас жігіт осындай бесікті ойлап тауып, елді елең еткізіп, айды аспаннан бір-ақ шығарған еді. Өнертапқыш бесікті шығармас бұрын өзінше зерттеу де жүргізген. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, "сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түсіп, онда рефлекс қалыптасады. Шарана өмір есігін ашқанда жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан, оны ана құрсағындағыдай тәрбиелеп, тербетіп отыру керек. Тағы бір мәселе – сәби бесікке жатқанда миы дамып, тербету ар-қылы миының дамуына өте зор ықпал жасайды" екен. Бұл зерттеу нәтижесі. Осыны дұрыс түсінген Серікбол Шәймерден ғылыми тұжырымдамаларды негізге ала отырып, smart-бесікті дүниеге әкелді. Бала жыласа өздігінен тербетіп, оның сыртында бала тәрбиесіне арналған таңдамалы бесік жырлары да енгізіл-ген. Бесікті басқарғышпен (пульт) арқылы алыстан басқаруға болады. Тіпті бала дәретке отырып қойса да, көрпесі ашылып қалса да хабарлайтын "өнері" бар. Қысқасы, бесік емес, түн ұйқысын төрт бөлген ата-ана үшін арман.
Жиналмалы бесік
Қостанайлық шебер Байқал Туысқан да қалысып жатқан жоқ. Дәл осындай ерекше "ақылды" бесік ойлап шығармаса да өзінше ерекшелігі бар құрама бесікті ойлап тапты. Оның басты ерекше-лігі бесік оп-оңай жиналып, бір бұрышқа сиып кетеді. Керегінде алып, жайып, сәбиіңізді салуы-ңызға болады. Қолы алтын шебер мұндай құрастырмалы бесікті бар болғаны 15 мың теңгеге бағалап отыр. Ойлап тапқанына да көп болмапты. Десе де сұранысқа ие. Іздеп келіп, сатып алатындар көбейіп келеді. Тағы бір елең ет-кізер тұсы – бесіктің тұла бойында бір де бір шеге жоқ. Тербеткенде де жеңіл, ыңғайлы.
Міне, осындай бесіктер әлеміндегі ноу-хаулар таңдай қақтырады. Мүмкін, біз білмейтін де тұстары бар болар. Ел ішінде ондайды білсеңіз хабарласқаныңыз жөн. Біз де, ел де білсін. Сәбиін бесікке бөлегеннен гөрі құшағына алып, манежге салғанды жөн көретіндер осындайды естісе көңіліне түйері сөзсіз. Әже, ата атанып, қуанышқа бөленгендер бөбегіне сыйлыққа бесік апарар. Жас анаға оның пайдасын түсіндірер. Қысқасы, бесікте тербелер бөпелеріміз көп болғай.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
калай тапсырыс беруге болады
Алайын деп едим, кайда звандаймын