“Балдәурен” қызықтары жалғасуда

Арқалық қаласына қарасты "Жалғызтал" ауылында балалардың жазғы демалысы жақсы жолға қойылған. Ауылдағы Т. Әубәкіров атындағы тоғыз жылдық мектептің жанынан құрылған "Балдәурен" лагерінде бұл күндері 21 бала тынығуда.
балдаурен
–  Лагерь үш ауысымда жұмыс жасайды. Мұнда негізінен көп балалы, аз қамтыл-ған отбасылардың балалары топтастырылған. Біздің 4 клубымыз бар. Балаларға түрлі ойындар үйретіп, өнерге баулып, диспуттар ұйымдастырып, спортпен шұғылдандырамыз. Қаладағы "Жас-Ұлан" жасөспірімдер және Қосымша білім беру орталықтарымен де тығыз қарым қатынастамыз, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмакүл Қабидоллақызы.
 Мұның сыртында ауылдың 7 баласы "Алюминқұрылыс" ЖШС-не қарасты Көктаудағы "Құрылысшылар" лагерінде демалу мүмкіндігіне ие болыпты. 
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓