Жемқор есепші 6 жылға сотталды
Қостанайда футболдан балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бас бухгалтері Олеся Дациева 3,5 млн теңгеге жуық қаражатты себепсіз жұмсап жібергені үшін сотталды. Қостанай №2 соты оны ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оның мүлкін тәркілей отыра, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мемлекеттік айыпталушы Дациева 2012-2015 жылдар кезеңінде жарыс өткізу бойынша қаржы шығындарын төлеген уақытта корпоративтік карточкадан барша қатысушыға, бапкерге арналған қолма-қол қаражатты шешіп алып, ақшаны кассаға қайтармағанын дәлелдеді. Жұмсалған қаражаттың жалпы саны шамамен 1,4 млн. теңгені құрады.
Бұдан кейін де Дациева корпоративтік карточкадан тағы 1,9 млн. теңгені шешіп алып, өз қажетіне жұмсаған. Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындағысы келмей, растайтын құжаттар ревизия кезінде бухгалтериядан құпия түрде жоғалып кеткенін айтты. Дациева бұл оқиға мектептің жаңа директорымен жұмыс және жеке мақсаттағы дау-дамайы кезінде болғанына сенімді. Бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеумен қоса, сотталушы ұйымдастыру-өкімдік, әкімшілік-шаруашылық қызметтерге байланысты мемлекеттік қызметте лауазымды қызметті иелену құқығынан айырылды. Дациева дене шынықтыру, спорт бөліміне жұмсалған бюджет шығынын қайтаруға міндетті.