ҰБТ-ның екінші күнінде…
Үстіміздегі жылғы 3 маусымда еліміз бойынша өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күнінің нәтижесіне тоқталып өтсек дейміз. ҰБТ 59 тестілеу орталығында болды. Барлығы өтініш берген 19 326 мектеп бітіруші түлектің 18 177 қатысты. Жалпы алғанда, тестілеу тапсырған мектеп түлектердің орташа баллы-80,5. 100 баллдан жоғары нәтижені 3 211 (17,7%) түлек алды.
Ал, енді жағымды хабарымыз сол, Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейдің мектеп бітіруші оқушысы Риана Мустафина 125 балл алды.
Сонымен бірге ұлттық тестілеу барысында 8682 тыйым салынған заттар алынды, атап айтқанда, 4402 ұялы телефон, 4036 шпаргалка, 153 калкульятор, 5 фотоаппарат, 3 рация, 3 гаджет, 1 блютуз, 28 Altel 4G, 43 модем, 5 наушник(құлаққап), 3 смарт-сағат.
Жеті түлектің қорытынды нәтижелері жойылды. 50 баллдық деңгейден 2895 мектеп бітіруші түлек(15,9 %) өте алмады. Өткен жылғы бұл көрсеткіш-3883 болатын-ды. Ескертетін бір жәйт, тестілеудің нәтижелері ҰБТӨБ тақтайшаларында және де ҰТО сайтында жарияланады.
Гүлназым САҒИТОВА