Жұмыскердің құқығы қорғалды
Қостанай қалалық соты азаматша С.Грудцынаның «Высотка» жеке кәсіпорынынан еңбекақы бойынша қарызды өндіру туралы шағымы бойынша азаматтық істі қарады.
Талапкер жауапкерде 2015 жылдың 1 қыркүйегінен 2016 жылдың тамызына дейін әкімші-қызметші болып жұмыс істеген. Жұмыстан шыққанда оған еңбекақысы бойынша 53 000 теңге төленбеген.
Сот отырысы барысында анықталғандай жауапкер талапкерге 53 000 теңге көлемінде қарыз екендігін "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" ММ-нің тексерісі кезінде мойындаған.
Істі қарау нәтижесі бойынша сот азаматшаның жеке кәсіпкердан қарыз ақшаны өндіру туралы шағымын қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.