Мерейтойға арналған сыйлық

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, Костряков ауылдық округінің «Гранд» ЖШС «Нұр Отан» партиясының Федоров аудандық филиалына Lada Granta жаңа машинасын сыйға тартты. Кәсіпорынның бас директоры Андрей Емельянов өзі арнайы келіп, автокөліктің кілтін аудандық мәслихаттың сессия алдында табыс етті.
– Биыл Еліміз өз тарихындағы маңызды, әрі мерейлі мерекені атап өтуде, – деді ол өз сөзінде. – Бұл ел өркендеуіне күннен күнге өз үлес қоса білген әр қазақстандықтың төл мерекесі. Кәсіпорнымыздың құрылтайшылары Тәуелсіздіктің мерейтойына арнап партияның аудандық филиалына аса қажетті сыйлық беру туралы шешім қабылдады, ал мен осы кілтті салтанатты түрде табыстағаныма өте қуаныштымын.15732095_345020225868401_6926219247166943505_oАудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Тәуба Исабаев осындай сый алып келген Андрей Емельяновқа алғыс білдіріп, аудан тұрғындары мен жиналған депутаттар атынан оны «Құрмет» орденін алғанымен құттықтады және ауданның ең ірі, жетістіктері көп ауыл шаруашылық кәсіпорындардың бірін дамытуда бұдан да әрі көп табысқа тілек білдіруші болды.15774735_345020229201734_7947222535004377906_oАйта кетейік, «Гранд» ЖШС бұрынғы «Костряковский» кеңшары негізінде құрылған болатын, ал 1999 жылдан бастап, оны А.В. Емельянов басқарып келеді. Бүгін бұл шаруашылық округтегі жалғыз қала құрушы кәсіпорны болып, тұрғындарды жұмыс орындармен қамтиды және көбінесе әлеуметтік мәселелерді жедел түрде шеше біледі. Костряков ауылында қазіргі таңда орталықтандырылған сумен және жылумен жабдықтау жүйелері бар, ал қысты күні бар жолдары әрқашан қардан тазартылады.
 
"Нұр Отан" ҚОФ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓