“Қазақтелекомнан” жаңа жылдық сый

«Қазақтелеком» АҚ биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Соның арқасында мекеме Мешін жылын да үлкен думанмен шығарып салды. IMG_1707Қостанай облыстық телекоммуникациялар Дирекциясы жеке тұлғаларға қызмет көрсету орталығында Аяз ата және Ақшақардың қатысуымен арнайы мерекелік шара өткізді. Алдымен салтанатты шарада Қостанай ОТД-ның коммерциялық директоры Ольга Падий компанияның сенімді әрі тұрақты клиенттерін келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтады.IMG_1852-Бүгін, жыл айырығы қарсаңында Қостанай ОТД өз абоненттеріне зор табыстар тілеп, жаңа жылдық сыйлықтар жасауда. Биыл да біз тұтынушылар үшін көптеген акциялар ұйымдастырдық. Біздің компанияның негізгі стратегиялық бағыттарының бірі – клиенттерге сапалы және халықаралық талаптарға сай қызмет көрсету. Сондықтан, компанияның өз абоненттеріне ұсынған қызметтері мен пакеттері де аз емес. Соның ішінде, “Әмбебап нөмер”, “Отбасылық шешім”, “VIP” сияқты көптеген жаңа қызметтері қолданысқа енгізілді. Мұның сыртында “Қазақтелеком” үнемі өз қызметтерінің қолжетімділігін көтеру мақсатында түрлі акциялар ұйымдастырып, жеңілдіктер жасауды да дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да компания өз клиенттері үшін Жаңа жыл қарсаңында мерекелік шара ұйымдастыруда. Бұл шараға да біздің ең сенімді әрі тұрақты абонеттеріміз жиналып отыр. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, баршаларыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, ынтымақтастық, тұрақтылық пен береке-бірлік тілеймін, – деді Ольга Падий.
Шара барысында абоненттер арасында ойындар өткізіліп, түрлі викториналық сұрақтар қойылды. Белсенді қатысқандарға Қостанай ОТД атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.IMG_1805-Бүгін, міне, Қостанай ОТД өткізіп отырған акцияның жүлдегері болғаныма қуаныштымын. Қыркүйек айында VIP қызметіне қосылған болатынбыз. Жақында аталмыш компаниядан қоңырау шалып, бүгінгі шараға қатысуымды өтінді. Содан жұмысымнан сұранып, облыс орталығына сонау Жітіқарадан келдім. Міне, ойламаған жерден смарт теледидарын ұтып алып жатырмын. Алла қаласа, қаңтар айында зейнеткерлікке шығайын деп отырмын. Бүгінгі бағалы сыйлық құрмет демалысына шығар алдындағы әрі Жаңа жыл қарсаңындағы ерекше сый болды. Қазақтелекомдықтарға көп рахмет, бізді тек бағалы сыйлықтармен емес, бастысы, сапалы байланыспен қамтамасыз ете берсін, -дейді қуанышын жасырмаған ұтыс иегері Тынышбике Имашева.IMG_1752Бағалы сыйлыққа ие болғандардың бірі Раиса Төлебаеваның да қуанышында шек жоқ. Жаңа жыл қарсаңында күтпеген сыйлыққа ие болған оның да компания ұжымына айтар алғысы шексіз.IMG_1819-“Қазақтелеком” ұсынған барлық қызметтер ұнайды. Сапалы байланыс қызметтерінің арқасында балаларыммен, еліміздің әр өңірінде тұратын туған-туыстарыммен күн сайын тілдесіп, амандықтарын біліп тұрамын. Мұндай бағалы сыйлыққа ие боламын деп ойлаған да жоқпын. Өте қуаныштымын. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын, еліміз өркендей берсін. Қазақстанның әр азаматы жылда осындай сыйлықтарға ие бола берсін, -дейді Р.Төлебаева.
Осылайша, Жаңа жыл қарсаңында тұтынушылар арасында викториналық ойындар өткізіп, сый-сияпат жасаған Қостанай ОТД ұйымдастырушылары  оларға мерекелік көңіл-күй де сыйлады.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген А.ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓