Көше атауы – ТӘУЕЛСІЗДІК
Қостанай ауданының Затобол кентіндегі Калинин көшесі Тәуелсіздік даңғылы болып өзгертілетін болды. Бұл бастамаға орай жиын өткізіліп, оған аудан әкімі Қайрат Ахметов арнайы қатысты. Аудан тарихындағы елеулі оқиғаға куә болуға 600-ден астам тұрғын жиналды. Қолдаушылардың қатарында Қостанай ауданының құрметті азаматы Әбдікәрім Баекенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Надежда Мураева, "Қазақ тұлпары" жылқы зауытының директоры, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Нәбидолла Кикебаев және өзге де белгілі тұлғалар болды. Олар өз сөздерінде осы бастаманың қаншалықты мән-маңызы бар екендігіне тоқталды. Кейін мәлім болғандай, көше атын ауыстыруды халықтың 99 пайызы қолдады.