Жылдың соңғы жәрмеңкесі
Жылдың соңғы жәрмеңкесі сенбі күні болды. Сауда-саттық мерекесі қарсаңында қостанайлықтар азық-түлікті молынан алды. Әдеттегіше, азық-түлік тауарларының бағасы да арзан. Келушілердің біреуі де құр қол қайтпады. Әр ауданнан келген сатушылардың еңбегі зая кетпеді. Түске таман сөрелер бос қалды.


