Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Таяуда Половников ауылында тұратын Базаровтардың үйі өртеніп кеткен болатын. Құдай сақтап, тұрғындар бұл күні үйлерінде болмаған. Тозығы жеткен баспана түгі қалмай жанып кетті. Осы үйді паналап келген отбасы қыстың көзі қырауда далада қалды. ҚМУ ректоры Хұсайын  Уәлиев бұл хабарды естіп, шұғыл түрде ақшалай көмек көрсетудің жолдарын қарастырды. ҚМУ-дың профессор-оқытушылар ұжымы, университет қызметкерлері, кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрлан Мәмиев және студенттердің бәрі бірігіп, қаражат жинау жұмыстарын бірден бастап кетті. Осылайша, көптің қатысуымен үш күннің ішінде бір жарым миллион теңге ақша жиналды.аллаҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, 15 желтоқсан күні Н.Мәмиев бастап, психология және педагогика кафедрасының профессоры Лилия Саркисян, стратегиялық даму басқармасының бас маманы Мейрамбек Тастанов және студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Аслан Манатов далада қалған отбасына барып, үйді сатып алуға жиналған ақшаны қолма-қол тапсырды.аллла

аалла

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓