Жаңа жыл кешінде

Бүгін Қостанай қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық шырша кеші өтті. Мерекелік іс-шараға тоқсан бес бала қатысты. Олар жасыл шыршы маңында ән айтып, би биледі.IMG_1404Мұндай шырша кеші жыл сайын өтеді. Биылғы мерекелік шараға 16 бала келе алмады. Өйткені, олар өздігінен жүре алмайды, тиянақты тәртіпте күтінеді. Аяз ата мен Ақша қар ертең аталған он алты баланың үйіне сыйлақтарын апарып береді.IMG_1344-Біздің орталықтың құрылғанына биыл 11 жыл толды. Осы жылдар ішінде жаңа жыл мерекесін ұмыт қалдырғанымыз жоқ. Балаларға сыйлық алуға, тамаша кешті ұйымдастыруға демеушілік жасағаны үшін жеке кәсіпкерлерге алғыс айтамыз,-деді Қостанай аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы З.Кузмина.IMG_1352Балалар қолөнер бұйымдарын жасап мерекелік көрмеге қойды. Әдемі ойыншықтар көздің жауын алады. Көрмедегі түрлі-түсті заттарды, суреттерді сатып алған адамдар да болды. Ал мерекелік бағдарлама балалардың қатысуымен өтті. Халықаралық байқаулардың жеңімпазы, облысымыздағы белгілі өнерпаз Мәлика Мұқтаров «Мереке» әнін айтып, көпшілікті тәнті етті. Басқа да балалар кезектесіп ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетті.IMG_1396
IMG_1328
Қымбат Досжанова.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓