Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар.
1991 жыл – барша қазақ халқы үшін тағдыршешті жыл болды. Егемендігімізді ала отырып, біз өзіміздің ата-бабаларымыздың еркін де өркендеуші ел болу туралы көкейтесті және көп ғасырлар бойғы армандарына қол жеткіздік.
Тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім уақыт аралығында Қазақстан әлемдік қауымдастықта танылған мемлекетке, Біріккен Ұлттар ұйымының толық құқықты мүшесіне айналды.
Мемлекеттіліктің басты атрибуттары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен Конституциясы бүкілхалықтық талқылаудан өтті және қабылданды.
Бұл  аумақтың тұтастығы, азаматтардың құқықтары мен бостандығын құрметтеу, тұрақты экономикалық даму, құқықтық мемлекет нормаларын нығайту тәрізді маңызды конституциялық нормалары негізінде біздің еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз етті.
Көпұлтты және көпконфессиялы қоғамды сақтау, жас мемлекеттің басты идеологиясына және жаңа ел құрылысы үшін мықты іргетасына айналды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген және дана саясатын бүкілхалықтық қолдау, Қазақстанның барлық азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, өз еліміздің серпінді де тұрақты дамуына мүмкіндік берді.
Біздің елімізде ауқымды экономикалық қайта құрулар жүргізілді, инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда, әртүрлі салаларда жаңашылдықтар енгізілуде.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, Ұлт жоспарын және «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға байланысты азаматтардың алдында маңызды перспективалар ашылуда.
Еліміздің Тәуелсіздігінің мерейтойына біз айтарлықтай табыстармен және жетістіктермен келіп отырмыз. Біздің Қостанай өңірі тәуелсіз Қазақстанның ойдағыдай дамуына лайықты үлесін қосты.
 
Қымбатты қостанайлықтар!
 
Біздің халқымыздың құндылықтар бірлігін сақтай отырып, еркін және өркендеуші елде өмір сүруге ұмтылысы, еліміздің Президенті ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында көрініс тапты.
«Мәңгілік Ел» – бұл біздің Тәуелсіз мемлекетіміздің қуатты біріктіруші күші.
Баршаңызды ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Мықты денсаулық және бақыт, әрбір үйге молшылық пен құт-береке, біздің туған елімізге өркендеу тілеймін.
 
 
Қостанай облысының әкімі                          Архимед Мұхамбетов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓