Мерекелік марапаттар жалғасуда

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны үшін Ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы төрағасының грамотасымен қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері  Балтабай Құрманбаев, Сейітқали Оташев, Бақытжамал Қалтаева, Жәнібек Ғапбасұлы марапатталды.
 «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы» естелік медалімен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушылары: Дәмет Құсайын, Нұрлан Нұғыманов, Әлия Әубәкірова, Айгүл Сүлекееваларға құрмет көрсетілді.IMG_0001
Сондай-ақ, Этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен қалалық аналар Кеңесінің төрағасы Бақытжамал Қалтаева марапатталды.
Мемлекеттік сайлау жүйесінің қалыптасуына, сайлау органдарының кәсіби деңгейін арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хатымен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Көбеков, қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Денис Скороходов марапатталды.
Жоғары марапаттарды қала әкімі Амантай Балғарин қала активінде салтанатты түрде табыс етті.
 
МұратЖүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓