Суға жүзуден жарыс өтті
Қостанай өңірінде спортта белсенділік көрсетіп жүрген жастар жетерлік. Өйткені, спорт тек денсаулыққа ғана емес, аймақтағы түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы татутлықты нығайта түседі.Егеменді еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша жастар ісі бөлімі мен Рудный қалалық Нұр мешіті бірлесе отырып, суға жүзуден жарыс ұйымдастырды.
Бұл жарыста облыс төңірегіндегі қалалар мен аудандардан жастар қатысып, өздерінің қызығушылықтарын танытты. Жалпы олардың бұл сайысқа дайындықпен келгендіктері көрініп-ақ тұр.Осынау жарыста жастар жүзудің үш түрінен бақтарын сынап, жүлделі орынға деген талпыныстарын көрсетті.
Сайыстың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы бағалы сыйлықтарды табыс етті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
өкілдігінің баспасөз қызметі