Ірі сауда орталығы салынуда

Қостанай қаласының солтүстік-батысында «Kostanay Plaza» сауда-ойын-сауық орталығы (СОО) салынуда. Бұл "Алтын Арман" шағын ауданы маңынан бой көтермек. Құрылысымен "БК-Строй" компаниясы айналысып жатыр. оралвык
– Бұл орталықтың сұранысқа ие боларына шүбә жоқ. Нысанның қаңқасы жүз пайызға дайын. Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Болжалды ашылу уақыты – келер жылдың тамыз айы. «Kostanay Plaza» СОО екі қабатты ғимарат болады. Мұнда гипермаркет, фуд-корт (ауқаттану аймағы), заманауи фэшн-индустрия тауарлары, тұрмыстық техника дүкені және қазіргі уақытта Қостанайда теңдесі жоқ балалар ойын-сауық паркі орналастырылады, -дейді СОО-ның директоры  Андрей Тен.
Әйткенмен, қандай гипермаркет және қандай бренд болатыны туралы нақты айтылып отырған жоқ. Бастысы, орталық иелері бұл нысанның ашылуы қостанайлықтардың көңілін көншітеріне сенімді.  Жалға алушылардың жартысы осы бастан белгілі. Қалғандарымен келіссөздер жүргізілуде. Айта кетерлігі, сауда-ойын-сауық орталығында 600-ден астам көлік сиятын автотұрақ та қарастырылуда. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓