«Жасыл елге» жолдама
Қостанайда «Жасыл ел» жастар отрядына өтінім қабылдау басталды. Отряд құрамындағы жастарға ай сайын 6080 мың теңге аралығында жалақы төленбек.
«Жасыл ел» отряды маусым, шілде, тамыз айларында жұмыс істейді. Бұл жобаны жүзеге асыруға екі жүз жұмыс орны ашылған. Өтінімдер 16 жастан асқан жасөспірімдерден қабылданады. Қосымша ақпараттарды «Sanaly URPAQ2050» қоғамдық қорының Қостанай қаласындағы кеңсесіне хабарласып, біле аласыздар.
17-мамырдан бастап «Жасыл ел» отрядына өтінімдерді қабылдап жатырмыз. Біздің міндетіміз отрядты жасақтап, жастар арасында идеологиялық жұмыстарды жүргізу. Себебі, «Жасыл ел» дегеніміз тек қана физикалық жұмыс емес, оқушылар мен студенттерді экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, – деді қор төрағасы С.Манасбаев.