Ардагерлер салған әндер-ай!..

«25 жұлдызды күн» республикалық акциясы аясында Қостанайдағы «Ақ дариға» хорының 20 жылдық есеп беру концерті өтті. Хор әр саланың еңбек ардагерлерінен құралған. Құрамында 31 адам бар. Әншілердің ең жасы 50-де, ал ең үлкені 80 жаста. _MG_0243Концерт «Мирас» мәдениет үйінде болды. Көрермендер хордың орындауындағы халық әндерін ұйып тыңдады. Ардагерлер концертті «Отан», «Қамажай» әндерімен бастады. Өнерлі топтың сүйемелдеушісі, концертмейстрі Бағлан Рысмағамбетова. Ал жетекшісі – Түлкібек Рысмағамбетов._MG_0254-Хордың құрамындағы әншілер әр саланың еңбек ардагерлері. Олар бала кездерінде, студенттік шақтарында, қызмет еткен жылдары ән айтқан кісілер. Репертуарда халық әндері, белгілі композиторлар Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Мұқан Төлебаевтың шығармалары бар. Абайдың әндерін де орындаймыз. Жергілікті композитор Қалибек Деріпсалдиннің де әндерін айтамыз. Аптасына бір рет дайындық болады. Қостанай қаласында ардагерлерден құралған бірнеше орыс хорлары бар. Қазақ тіліндегі хорды сол кездегі қалалық мәдениет бөлімінің басшысы болған Әбдібек Божақов қолға алды. Жиырма жыл бұрын ұйымдастырып, осы күнге жетуіне себепші болды. Біздің әнші ата-әжелеріміз облыстық фестивальге қатысып, қазақтың халық әні «Ақ дариғаны» орындаған. Ән қазылар алқасының көңілінен шығып, жоғары баға алады. Бір жағынан «Ах, дариға-ай» деген қазақтың сөзі бар. Соның бәрін қорыта келе, хордағы ата-әжелер ақылдасып топты «Ақ дариға»деп атайды. Хор ресми түрде 1995 жылы құрылды,-деді жетекшісі Түлкібек Рысмағамбетов._MG_0252
_MG_0257«Ақ дариға» хоры биыл ұлттық хор атағын қорғады. Концерттің соңында өнерлі ата-әжелерді марапаттап, ардагерлерге дастархан жайды._MG_0244
_MG_0247
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓