Талаптың аты арындап…

Облыс орталығындағы  балаларға қосымша білім беру өңірлік оқу-әдістемелік орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Жастардың шығармашылығы» атты  жас техниктердің слеті болып өтті.IMG_0302-Жастар мен балалардың техникалық шығармашылығына арналған  слетімізге үстіміздегі жылы өңіріміздің  тоғыз ауданынан команда қатысып отыр. Облысымызда техникалық шығармашылықпен айналысатын талапты  жастарымыз көп-ақ.  Олардың осындай шығармашылықпен  айналысуы  болашақ мамандықтарын таңдап алуына  да жол ашуы әбден.  Ал,  қөрмеге қойылған  небір ұшақ, кеме үлгілері,  робот техникасы автоматты түрде жүреді. Болашақта техника түрлері осындай болады деген  жас конструкторлардың  еңбектері, жұмыстары, шағын форматтағы  техникалар да бар. Осындай техникалық шығармашылықпен айналысатын жастарымыздың көбі облыстық, республикалық, халықаралық сайыстар мен жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанғандар. Ең басты мақсатымыз – жастарымыздың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, олардың конструкторлық,, өнертапқыштық машықтықтарын қалыптастыру, – деді  балаларға қосымша білім беру өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры Сәуле Әзімжанова.IMG_0318Слет аясында бірнеше бөлімнен тұратын, атап айтсақ, «Жас робототехниктер», «Фото», «Қалалар мен келешек ғимараттары»-ғимараттар мен үйлердің сұлбалары, «Жас зерттеушілер мен өнертапқыштар»,  «Жас техниктер – білім беру ұйымдарында», «Келешек техникасы»- қиял-ғажайып жобасы, «Жас техниктер- ауыл шаруашылықта, экономика мен өнеркәсіпте», «Жас техниктер құрылыс пен көлікте»-әскери техника көрме ұйымдастырылды. Абай атамыз «Талаптың аты арындап, Әр қиянға салған шақ» деп  айтқанындай, көрмеде не жоқ дейсіз, бәрі де бар.  Жас техниктер мен зерттеушілер ауылшаруашылық, әскери, өнеркәсіп, құрылыс салаларында қолдануға болатын  құрал-жабдықтардың, көліктердің шағын модельдерін, үлгілерін көрмеге әкелген, барлығын да өздері я жетекшілерінің көмектерімен жасаған, құрастырған.  Келешекте   осындай құрал-жабдықтар я техникалар болуы мүмкін  деп  қиял-арманның да  техникасы бар. «Әлем баланың көзімен» атты суреттер бөлімінде оқушылардың түсірген фотолары топтастырылған.  Қамыстылық Анна Батареваның(10 сынып оқушысы)   табиғатың ғажайып  тамаша көріністері мен тылсым тіршілігіне арналған «Тәтті өмір», «Табиғаттың құпиясы» атты фотолары,  Қостанай ауданынан келген 5 сынып оқушысы Қымбат Бекмұхамбетованың   фотоэтюдтері кәнігі  фотосуретші мамандардан кем емес түсірген. Айтар ой да, мазмұн да бар.  IMG_0334-Техникалық шығармашылықпен 5 сыныптан айналыстым. Қостанай қаласындағы балалар үйіндегі техникалық шығармашылық үйірмесіне қатыстым. Маған құрастыру, зерттеу жұмыстары ұнайды. Бірнеше рет  әр түрлі деңгейдегі жарыстарға қатыстым.  Қазір көрмеге «Энергия көзі ретінде айдың үстіңгі қабатын зерттеуге арналған модель» атты экспонат(жәдігер) әкелдім.  Осы жасаған  шағын модельмен үстіміздегі жылы Байқоңыр қаласында өткен  «Ғылымдар әлемін ашамыз» атты космос зерттеулеріне арналған халықаралық ғылыми жарысқа қатыстым. Жарыс Челомей атындағы халықаралық космос мектебінің базасында өтті. Мен «Күн жүйесі» атты бөлімге қатысып, жобамды қорғадым, нәтижесінде 2 орын алдым. Осы жарысқа  облысымыздан қатысқан он екі баланың  алтауы жеңімпаз атанды.    Сонымен бірге қазақ-түрік лицейінің 11 сыныбын бітіріп отырмын, халықаралық жарыстарда көрсеткен  еңбектерімнің қорытындысы бойынша  ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен ҰБТ босатылдым. Келешекте Астанадағы  Гумилев атындағы Еуразия университетіне оқуға түссем деймін,  техникалық-инженерлік мамандарын даярлайтын саланы қалап отырмын,-деді Әділ Әміржан.IMG_0300Жас техниктер мен өнертапқыштар слеті екі күнге созылды.  Олар ұшақ, кеме, робот техникасы бойынша сынға түсті, өз өнерлерін, шығармашылықтарын көрсете білді. Мысалы, робот техникасында «Сумо», «Кегельринг», «Қозғалыс траекториясы» бойынша жарысты. Сонымен,  слеттің әр бөлімі қорытындыланып жеңімпаздар анықталды. Көрме бойынша бірінші орынды Қостанай қаласындағы  техникалық шығармашылық мектебі жеңіп алды. Екінші мен үшінші орынға Қостанай ауданындағы «Прогресс» балалар шығармашылық үйінің командасы және Қостанай құрама командасы ие болды. Ұшақ модель спорты бойынша төрт  техниктер командасы жарысып, ұшақтарын пульт арқылы ұшыру шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде Жітіқара аудандық балалар шығармашылығы мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Ал, екінші мен үшінші орынды  Қостанай қаласындағы  техникалық шығармашылығы мектебі, Лисаков қаласындағы жас техниктер стансасының командалары жеңіп алды. Кеме спортында Қостанай қаласы,  Жітіқара  ауданы  балалар шығармашылық үйлерінің командалары ерлеп, жеңімпаз атанды. Ал, робот техникасында Қостанай қаласындағы балалар техникалық шығармашылық мектебі және Рудный қаласының «1 мектеп» қомандалары жеңіске жетті.

 

Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓