Левитке “алтынның” сыйақысы беріледі

Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке «алтынға» пара-пар сыйақыны табыстамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. левит«Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке «алтынға» берілетін олимпиадалық сыйақыны табыстау рәсімі Астанада 8 желтоқсанда өтеді. Біздің спортшылар асқан шеберлік, мойымас қайрат пен барша әлемге нағыз олимпиадалық рух таныта білді», – делінген ҚБФ хабарламасында.
Естеріңізде болса, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов күміс медальдар олжалаған болатын. Алайда 2016 жылы 26 тамызда біздің олимпиадашыларды құрметтеу салтанатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовтің еңбегін жоғары бағалап, оларға алтын медаль үшін берілетін сыйақыны беру туралы шешім жасады.
Естеріңізге сала кетейік, 91 келі салмақ дәрежесі бойынша бокстан олимпиадалық турнирдің ақтық айқасында төрешілер жеңісті ресейлік Евгений Тищенкоға берген болатын.  Төрешілердің бұл шешіміне тек қазақстандық жанкүйерлер ғана емес, әлемнің бокс сүйер жанкүйерлерінің басым бөлігі, соның ішінде Ресейдің біраз жанкүйерлері наразылық танытқан болатын. Шетелдік бірқатар басылым да осы ақтық айқаста Василий Левиттің үстем болғанын жазды. в левитОсылайша, Левиттің күмісі алтынмен пара-пар болды. Бұған дәлел Қазақстан бокс федерациясы олимпиада «күмісіне» берілетін мемлекеттік сыйақы 100 мың доллардың үстіне 150 мың доллар қосып, бұл соманы олимпиадалық «алтынмен» теңестірді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓