Ушу шеберлері

29-30 сәуірде Көкшетау қаласында Ушу-Саньдадан Қазақстан Республикасының біріншілігі өтті. Жарысқа 10-18 жас аралығындағы 350-ден астам қыз-жігіттер қатысты. 6 облыстың өкілдері күш сынасты.  ушу
шуҚостанай облысының намысын "Торнадо" клубының 7 спортшысы қорғады. Олардың барлығы да әртүрлі деңгейдегі жүлделерге ие болды. 56 келі салмақ дәрежесінде Данияр Бұқарбаев Республика чемпионы атанды. Нұрсұлтан Сейдахметов (52 келі), Айдос Ырымов (75 кг) және Азамат Құдайбергенов (56 кг) "күмістен" алқа тағынды. Вагиф Хайдаров (36 кг), Рахат Жаңабеков (60 кг) және Линара Құдасова (60 кг) "қоланы" қанағат етті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓