Денсаулық сақтау басқармасында – жаңа басшы

Облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын кеңейтілген отырыста таныстырды. Бұл лауазымға Еркін Кәрімұлы Дәуітбаев тағайындалды.Даутбаев-640x555
Е.Кәрімұлы 1964 жылы 26 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. Мамандығы – дәрігер. Әр жылдары басшылық жұмыстарын атқарған. Жетекші маман, сектор меңгерушісі, ҚР Үкіметі жанындағы міндетті медициналық сақтандыру қорында бөлім бастығы болып қызмет істеді. 2000-2006 жылдары Астана қаласындағы денсаулық сақтау департаментінде бас маман, медициналық қызмет басқармасының бөлім бастығы болды, кейін Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары лауазымында отырды. ҚР Президенті істері басқармасының медорталық басқармасы бастығы болып екі жыл жұмыс істеген. Осы тағайындауға дейінгі жұмыс орны – "Медициналық технология және ақпараттық жүйе орталығы" АҚ АФ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓