“Алтын сапа” сыйлығы туралы

 

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс туралы" Қазақстан Республикасы  Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына және 2013 жылы "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік конкурс-көрмесі мен Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес конкурс-тың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қостанай облысының аумағында тауар өндірумен, қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғалардан өтінімдерді  қабылдауды  жалғастыруда.

 

алтын-сапа
Конкурстарға қатысу үшін, ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне өтінімді, белгіленген үлгідегі сауалнама-мағлұмдаманы, 3 данада кұжаттардың жинақталымын мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Қостанай қ., Гоголь көш., 79 "А", 304 кабинет.
Өткізуге, қатысуға, облыстық және республикалық конкурстар-ға өтінімдерді ресімдеуге байланысты барлық мәселелер бойынша ҚР ИЖТМ Техникалык реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне мына телефондары арқылы 54-27-03, 50-32-51, Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына 575-251 телефоны арқылы немесе ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтына (ГОССТАНДАРТ): WWW.memst.kz. "Алтын сапа" бөліміне жүгінуге болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓