Ақша жымқырам деп айыпты болды

Қостанай облысы Рудный қалалық соты  балалар шипажайының бас есепшісіне  қатысты қылмыстық іс қарап, үкім шығарды . Ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 3-бөлігі және 307-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды.
сотҚостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы «Рудный қалалық балаларға арналған туберкулезді емдеу шипажайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бас бухгалтер қызметін атқарған  ол 2011 жылдың қаңтары мен 2013 жылдың желтоқсаны аралығында меншіккке және мемлекет мүддесіне қарсы қасақана қылмыс жасаған.
Сонымен қатар есепші  өз еңбекақысының мөлшерін асыра көрсеткен. Қылмыстық әрекетінің нәтижесінде 666 007 теңге мөлшерінде қаражатты қымқырған. Ол мемлекет мүддесіне қарсы, ал өзгелерге пайда келтіру мақсатында бюждетті үнемдеуден қалған жалпы мөлшері 778 865 теңге болатын қаражатты алдын ала төлем ретінде өзгелердің шотына аударған.

Сот айыпталушыға бес жыл бас бостандығынан айыру, 2 жыл мерзімге бухгалтерлік есеп жүргізумен байланысты қызметпен айналысу құқынан айыру жазасын тағайындады. ҚР ҚК 63-бабын қолдана отырып, сот жазаны екі жыл шартты түрде өтеуге үкім етті.

 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓